Қыстан қысылмас үшін…
Әкімдікте жылу беру маусымына дайындық және оның өтуі, сондай-ақ апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің жай-күйі мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.Жандарбеков жылыту маусымына дайындық және оның өту барысы туралы баяндады.
А️.Жандарбековтың мәліметі бойынша қазіргі уақытта облыс бойынша 124 қазандық пен 169 қосалқы станция, сондай – ақ 1023 км электр желілері, 41 км – жылу, 71 км — су құбырлары жөнделді. Облыстың барлық көпқабатты үйінде (және 244 әлеуметтік-мәдени нысанда) жылу толығымен бар. Отын қоры жеткілікті.
Сонымен қатар, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы облыстағы апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы хабарлады. Ол Жезқазғанда 34, Сәтбаевта 20 апатты үй бар екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін Ұлытау облысының кешенді даму жоспарына арнайы жоба енгізілген, оның аясында 137 ескі үйді бұзу және олардың орнында 39 жаңа (1725 пәтер) салу жоспарлануда. Бұл жұмыстардың барлығы жеке инвестицияларды тарту есебінен жүргізілетін болады. Жобамен бұзылатын үйлердің 4232 тұрғынын қамту жоспарлануда.
Өңір басшысы барлық жерде жылумен және көмірмен үздіксіз қамтамасыз етілу керек екенін ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ жылыту маусымының барысын қатаң бақылауға және кейбір дайындалмаған мекемелердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартуға тапсырма берді. Сонымен қатар, Б.Әбдіғалиұлы апатты үйлердің тұрғындарын көшіру, оларға жаңа тұрғын үй беру мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Кеңес барысында облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ж.Бегаев республикалық, облыстық және аумақтық маңызы бар жолдардың қысқа дайындығы туралы баяндады.
Бейінді ведомство басшысының ақпаратына сәйкес облыстың автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауды 15 жол ұйымы қамтамасыз етеді. 147 мамандандырылған техника бар. Қарлы 57 учаске анықталды.
Жоғарыда аталған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша Б.Әбдіғалиұлы қалалар мен аудандардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Олар мердігерлердің материалдық-техникалық базасының болуына, жолдарды қысқы күтіп ұстау сапасына бақылауды күшейтуге және көктайғаққа қарсы материалдарды дайындауға қатысты болды. Өңір басшысы тек автокөліктердің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екенін деп атап өтті.