Ұлытау облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды
Байланыс орталығына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қаланы абаттандыруға байланысты кез-келген мәселе бойынша жүгінуге болады.
Орталықтың операторлары мен мамандары коммуналдық және авариялық қызметтермен тікелей байланыста, бұл қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштер бойынша жұмысты едәуір жеделдетеді.
Сонымен қатар, қалыптасқан өзара іс-қимыл қабылданатын шаралардың уақтылығы мен сапасына кепілдік береді.
Бірыңғай байланыс орталығында орындалатын жұмыстардың кезеңдеріне және олардың талаптарға сәйкестігі үнемі қадағаланады. Мұнда әр шағымды жеке қарайды.
Ұлытау облысының тұрғындары 109 бірыңғай байланыс орталығына тәуліктің кез келген уақытында хабарласа алады.
Қоңырау стационарлық және ұялы телефондардан тегін.
«109 бірыңғай байланыс орталығы» жобасы бүкіл республика аумағында сәтті іске асты. Оны Ұлытау облысында енгізу халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді шешуге жаңа серпін береді.
Өтініштер мынадай байланыс құралдары арқылы қабылданатын болады:
1. 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу (қалалық және ұялы телефондардан тегін)
2. Instagram: @ulytau.109
3. Telegram чат-боты: https://t.me/ulytau_109_bot
4. WhatsАpp: https://wa.me/77077901109
5. Электрондық пошта: ulytau109@gmail.com
6. Мобильді қосымша: Комек-109
7. Шағымдарды қабылдау сайты: https://ulytau.komek109.kz/