Серік Байсейітұлы Ақылбай Ұлытау облысына келді

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Байсейітұлы Ақылбай елдегі саяси реформалардың барысын, сайлау заңнамасына енген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Ұлытау облысына келді.

Алғашқы кездесу «Жезқазған» медициналық орталығында өтті.
Серік Байсейітұлын медициналық орталық ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали таныстырды.
Заңгерлер одағының төрағасы жиналғандарға елімізде қолға алынып жатқан саяси модернизация, мемлекеттік жүйені жетілдіруге бағытталған реформалар туралы баяндады. Еліміздің «Сайлау туралы» Конституциялық заңына енген өзгерістер, сайлау бюлетеніне «Бәріне қарсымын» бағанының енгізілуі сияқты нақты мысалдар кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ, ол алдағы Президент сайлауының қоғамның одан әрі демократиялануы, осыған дейін қолға алынған бастамалардың оң жалғасуы үшін маңыздылығына тоқталып, жұртшылықты еліміздің өміріндегі маңызды саяси оқиғаға белсенді қатысуға шақырды.