Мемлекеттік наградалармен марапатталды
Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, əскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мəдениет жəне ғылым қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында Ұлытау ауданының да бір топ азаматтары бар.
«Құрмет» ордені
- Бағдат БЕКЕТАЕВ, Ұлытау ауданы шаруа қожалығының басшысы.
«Ерен еңбегі үшін медалі
- Мақсұт ОСПАНОВ, Ұлытау ауданы əкімінің орынбасары.
- Зейпін ҚАЗАНБАЕВА, Жезді кентіндегі Мəкен Төрегелдин атындағы музей басшысы.
«Шапағат» медалі
- Сəрсенбай ҚОТЫРАШОВ, марафоншы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
- Мұханбетқали СЕЙІТҚАЗИНОВ, ақын.