Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі ағайын!
Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күнді Ұлттық мереке ретінде қабылдау жөнінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытауда ұйымдастырылған Ұлттық құрылтайда ұсыныс білдірген болатын.
«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне Ұлттық мереке мəртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек»,– деген еді Мемлекет басшысы.
Республика күнінде қазақ халқының достық пейілі, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше кеңінен насихатталып, бүгінгі Қазақстанның бітім-болмысын айқындайтын факторлар əлемге паш етілуі тиіс.
Республика күні араға 13 жыл салып, Мемлекет басшысы саясатының арқасында қатарға қайта қосылып отыр. Алғаш рет бұл күн мемлекеттік мереке ретінде 1995 жылы қазанда жарияланды. 1990 жылдың дəл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған болатын. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рəміздері бекітілді.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дəулет, сарқылмас ырыс-несібе тілейміз.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сəтті болсын!
Ел мəртебесі биіктеп, əлемге танымал бола берсін!
Баршаңызға мықты денсаулық, жасампаз жетістіктер мен отбасы бақытын тілейміз.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.