Нақты тапсырмалар берілді

Апта басында аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалығымен кеңейтілген аппарат мəжілісі өтті. Оған аудандық мəслихат хатшысы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, əкім орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары кент, ауыл əкімдері қатысты.


Мəжіліс басталмас бұрын аудан басшысы Аманжол Батырбекұлы аудандық мəслихаттың хатшысы болып жаңадан сайланған Ахат Құрмансейітовты, аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылығы кəсіпорын мекемесінің директоры болған Данабек Нұғмановты аудан активіне таныстырып, алдағы қызметтеріне сəттілік тіледі.
Мəжілісте 25 қазан Республика күніне арналған мерекелік іс-шараның жоспары жөнінде аудан əкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы баяндама жасады.
Ұлытау ауданы əкімінің 2022 жылғы хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы аудан əкімі аппаратының басшысы Ержан Дəуітбаев хабарлама жасады.
Аппарат отырысында Аманжол Батырбекұлы аудан бойынша Республика күні өткізілетін мерекелік іс-шараға дайындық жұмыстарын пысықтауды тапсырды. Мереке қарсаңында кент, ауылдарда біршама іс-шаралар өткізілмек. Оған аудандағы мекеме, бөлім басшылары бөлінген кестеге сəйкес жауапты. Аудан орталығында ұлттық мейрамға орай, жүгіруден «Тау марафоны» өткізіледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, аппарат отырысы барысында аудан басшысы 2022 жылғы берілген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталып, жауапты сала басшыларынан əр тапсырманың орындалу барысын сұрап, жұмыстарды жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында аудан əкімі берілген тапсырмаларды нəтижелі орындау бағытында кент, ауыл əкімдері мен барлық сала басшыларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, тапсырмалардың орындалысын жеке бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.