Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы өтті

Мандат иелерінің басты жиынына Ұлытау ауданының әкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ, Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсұт АХМЕТОВ, «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Думан ЖҰМАНОВ, облыстық, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Бақтияр ҚОЖАХМЕТОВ және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы Аманжол Мырзабековтың Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты аудандық мәслихат хатшысы қызметінен босатылып, депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сонымен қатар, Ұлытау аудандық мəслихатының VII шақырылымы депутаттарының бірауыздан қолдау білдіруі нәтижесінде аудандық мəслихаттың хатшысы лауазымына Ахат Құрмансейітов сайланды.

 

Өз тілшімізден.