Ұлытау облысында 153 мемлекеттік білім беру ұйымы бар
Бүгінгі таңда Ұлытау облысында 153 мемлекеттік білім беру ұйымы бар. Аталған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне шілде және тамыз айларының еңбекақысын Қарағанды облысы ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін толығымен төледі. Мұғалімдердің еңбекақысы жергілікті және республикалық бюджеттің қаражатынан қалыптасады.
Қазіргі таңда Ұлытау облысының білім басқармасы жергілікті бюджет есебінен қарастырылған барлық төлемдерді (362 млн. теңге) толығымен төледі. Республикалық бюджеттен қарастырылатын қалған бөлігі (1 млрд 141 млн теңге) 10 қазаннан бастап төленеді.
Жалақының кешігіп төленуі барлық 153 білім беру ұйымын қайта тіркеуден өткізу, олардың қазынашылық органдарында шоттарын ашу, сондай-ақ мүлікті қабылдау және беру рәсімдерін жүргізу қажеттілігінен туындаған техникалық рәсімдерге қатысты болып отыр. Туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Ұлытау облысының білім басқармасы