Ұлытау облысының I шақырылымдағы Мәслихатының VІІІ сессиясы өтті

Отырысқа Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы Б.Шыңғысов, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттары, қалалар мен аудандар мәслихаттарының хатшылары мен депутаттары, сондай-ақ Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың, күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
 Күн тәртібінде облыс мәслихаты депутатының мандатын беру, есеп комиссиясы, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның және I шақырылымдағы облыс мәслихатының IX сессиясының редакциялық комиссиясының құрамы туралы бірқатар мәселе талқыланды. Сонымен қоса
Т. Жарылғасовтың кандидатурасын Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына бес жыл мерзімге тағайындауды қарастырды және бекітті.
 Сонымен қатар мәслихат депутаттары «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын, Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның құрамын, Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені, «Ұлытау облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін қарап, бекітті.
Отырыс барысында ҚР Үкіметінің қарауына уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасы азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, сонымен қоса ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғасында (шетелдік қатысуы жоқ және оның үлестес тұлғаларында) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің Ұлытау облысындағы шекті (ең жоғары) мөлшері бойынша бірлескен ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды.