Заң талаптары түсіндірілді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының төрағалығымен өткен аппараттық жиналыс хаттамасына сəйкес, Ұлытау ауданының прокуроры Рахымжан РАХАТОВ кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау мəселелері бойынша «Атамекен» кəсіпкерлік палатасының Ұлытау аудандық филиалының директоры жəне аудандық жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен ауданның кəсіпкерлерімен ашық диалог форматында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – бақылаушы жəне қадағалаушы органдардың лауазымды адамдарының бизнес өкілдеріне қатысты заңсыз тексерістер жүргізу, əкімшілік айыппұлдар салу, негізсіз тыйым салу жəне шектеу сипатындағы шаралар қолданумен байланысты іс-қимылдарына құқықтық баға беру болып табылады.

Облыстық «Атамекен» кəсіпкерлік палатасының Ұлытау аудандық филиалының директоры жəне аудандық кəсіпкерлер бөлімінің өкілдері қатысқан жиында кəсіпкерлерді толғандыратын сұрақтар талқыланып, заң талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Атамекен» кəсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Аманбек Сүлейменов кəсіпкерлердің құқықтары қорғалып, оларға толық құқықтық бағыт-бағдар мен көмек көрсету мақсатында құрылған мобильді жұмыс тобы тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, алайда, кəсіпкерлермен жұмыс тобына жүгіну деректері өте аз екенін атап өтті.

Жиын соңында аудан прокуроры осындай жұмыстар ай сайын кемінде бір рет түрлі саладағы бизнес өкілдерімен өткізілетініне сенім білдірді.

Аудан аумағында кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ құрылып, бір жылдан аса қызмет көрсететінін айта кету қажет.

Егер кəсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласу, оның ішінде заңсыз тексеру фактілері орын алған жағдайда 8 (71035) 2-16-22 жəне 8-776-520-68-01 байланыс телефондары арқылы мобильді топқа хабарласуға болатынын жеткіземіз.

Ұлытау ауданының прокуратурасы.