«Ұлытау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 2 тоқсанында өткізілген аудиторлық іс-шара туралы
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Ұлытау ауданының білім бөлімі» ММ-де жергілікті атқарушы органдардың білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі білім мен тәрбиені жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануы мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 776 555,9 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 33,3 мың теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 776 522,6 мың теңгені құрады.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенттері…» 2-қосымшаны бұзып мемлекеттік мекеме 2 жұмысшыға жалпы сомасы 33,3 мың теңге артық жалақы төлеген.
Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы № 319-III «Білім туралы» Заңының 62-бабының 3, 4 және 6 тармақтары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.11.2017 ж. №596 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының 2-тарауының 4 және 8 тармақтары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.11.2017 жылғы №597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемелері бұзылып, мемлекеттік мекеме 2019 жылдың басынан 2022 жылдың қаңтарына дейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде, аудандағы 6 мектепке дейінгі кәсіпорын мен 13 шағын орталыққа жан басына шаққандағы қаржыландыру талаптары ескерілмей, мемлекеттік тапсырыс есебінен жалпы сомасы 774 121,0 мың теңге қаржыландырылды.
Қазақстан Республикасының 4.12.2008 жылғы № 95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармағын бұза отырып, мемлекеттік мекеме Жезді ауданының 6 жалпы білім беретін мектебінде, әлеуметтік салықты және әлеуметтік аударымдар төлеуге, жалпы сомасы 2 401,6 мың теңгеге артық бюджеттік қаражат жоспарлаған.
Қарағанды облысы бойынша ІМАД
сәйкестік аудиті бөлімі