«Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 2 тоқсанында өткізілген аудиторлық іс-шара туралы
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Ұлытау ауданының Жезді кентінде 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу құрылысы» жобасы бойынша бюджет қаражаттарды мақсатты пайдаланылуына сәйкестік аудиті жүргізілді.
Аудит нәтижелері бойынша 7 942,6 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015 жылғы №434-V Заңының 43-бабының 23-тармағы, 30.07.2020 жылғы №37 жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 2.1 тармақтары бұзылып, № 2 нысан бойынша мердігер – «Карагандастройконструкция» ЖШС-нің 2021 жылғы қазандағы № 5 орындалған жұмыстардың актілерінде көрсетілген деректермен салыстыру және орындалған жұмыстардың көлемін тексеру нәтижелері бойынша, жөндеу-құрылыс жұмыстарына 7 942,6 мың теңге мөлшерінде негізсіз төлем (құнды асыра бағалау) анықталды.
Қарағанды облысы бойынша ІМАД
сәйкестік аудиті бөлімі