ОБЛЫСТЫҚ АЛҒАШҚЫ ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Өткен аптада Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы біздің өңірдегі бос орындардың алғашқы жәрмеңкесін ұйымдастырды.
 Жәрмеңкеге 500-ге жуық жұмыссыз азамат, оқу орындарының түлектері мен жастар келді. 115 жұмыс беруші 768 жұмыс орнын ұсынды.
 Өткізілген жәрмеңке қорытындысы бойынша 47 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты. 9 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. Бірнеше жұмыссыз азамат шақыру күтуде.