Ұлт ұстазына арналған апталық

№1 Ұлытау жалпы білім беретін мектебінде Алаш ардақтысы Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 жылдығы жəне тіл мерекесі қарсаңында “Ахмет – ұлт ұстазы” атты мерекелік апталық өтті.

Шараның мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тəлім-тəрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дəріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеу.

Апталықтың алғашқы күні Мейрамкүл Əбітаева жəне Жансая Жакеева ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен оқушыларға арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті. Жиында мектептің тəрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Альмира Омарова тəуелсіз елдің мемлекеттік тілі мəртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.

Осылайша, апталықтың ашылуы өткеннен кейін қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі Нүргүл Əлиеваның ұйымдастыруымен «Көркем сөз шеберлері» тақырыбында 5-6 сынып арасында байқау өтті. Сонымен қатар, Жанна Мырзабекова мұғалімнің бастамасымен «А.Байтұрсынов – Тəуелсіздік жаршысы» атты ашық сабақ ұйымдастырылды. «Тапқыр достар» танымдық ойынын Майра Сұлтанова, «Ахметтің даналық тағылымы» атты дөнгелек үстелді Мейрамгүл Əбітаева мен Жансая Жакеевалар ұйымдастырып өткізді.

Менің ойымша, бұл апталық оқушыларға А.Байтұрсынұлы жайлы біліп білмеген ақпараттарын айқындауға үлкен көмегін берді. Сөз соңын А.Байтұрсынұлының сөзімен аяқтағым келіп отыр:

«…Даналық өшпес жарық,кетпес байлық. Жүріңдер,іздеп тауып алалық та».

Назерке ƏБЖАМАЛ,

мектеп парламенті ақпарат фракцияның жетекшісі.