«Kazakhstan Mashinery Fair» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде
21-23 қыркүйекте Астана қаласында машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Mashinery Fair» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде.
Көрмеде облысты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Ютария ltd» ЖШС көрсетеді.
Көрме барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Барикенов пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары А. Гайдин ҚР Премьер-Министрі
Ә. Смайыловқа Ұлытау облысы мен Қазақмыс корпорациясы кәсіпорындарының ақпараттық стендін таныстырды.
Сондай-ақ, Үкімет басшысына облыстың инвестициялық әлеуеті және Қазақмыс кәсіпорындарының өндірістік қуаты туралы баяндалды.
Премьер-Министр металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау салаларын дамыту бойынша облыстың елеулі әлеуетін пайдалана отырып, Қазақмыс компаниясының өнім өндірісін әртараптандыруды қамтамасыз ету міндетін қойды.