Берік Әбдіғалиұлы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директорын қабылдады

Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры А.Адиеваны қабылдады.  Кездесу барысында Ұлытау облысына қатысты әлеуметтік жобаларды іске асыру жолдары мен қолдау шаралары туралы сөз болды.
 Атап айтқанда, «Samruk-Kazyna Trust» Қамқоршылық кеңесінің Ұлытау облысына 5 жедел жәрдем көлігі мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 3 арнайы көлігін (инватакси) бөлу туралы шешімі хабарланды.
 Сонымен қоса, кездесу барысында бірқатар жаңа әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.Олардың ішінде облыстың бірнеше мектебінің аумағында футбол және workout-алаңдарын салу, Жезқазған қаласының ауруханасын жабдықтау,оңалту орталықтарына арналған медициналық жабдықтар сатып алу және т.б. бар.
 Сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері жұртшылықпен,журналистермен және үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесті.
 Кездесуде А.Адиева «Samruk-Kazyna Trust» қорының негізгі мақсаты — қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жобаларын қолдау екендігін айтты. Осыған орай, ол азаматтық сектор өкілдерін бірлесіп белсенді жұмыс істеуге шақырды.