Ұлытау облысы Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының № 8 ШЕШІМІ

Ұлытау селосы                                                                        16 қыркүйек 2022 жыл

 

Ұлытау ауданы Карсакпай кенті

 әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ қабылдады:

 

  1. Ұлытау ауданында 2022 жылғы 16 қазанға сайлау тағайындалсын:

 

        — Қарсақпай кенті әкіміне

 

  1. 2022 жылғы 16 қазанға белгіленген Ұлытау ауданының Қарсақпай кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту:

 

— әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 17 қыркүйектен басталады

және  30 қыркүйекте сағат 18:00-де аяқталады;

— әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 05 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.

 

3.Осы шешім Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының интернет-

парақшасына және аудандық «Ұлытау» газетіне жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                        М.Қ.Ахметов

 

 

Сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                        Н.Б.Раймова