БАҒА МƏСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

Ұлытау облысы əкімінің бірінші орынбасары Аман БАРЕКЕНОВТІҢ төрағалығымен Ұлытау облысында əлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағасын қалыптастыру мəселелері жөнінде кеңес өтті.

Жиында облыстық ауыл шаруашылығы жəне жер қатынастары басқармасының, кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының құрамына облыс прокуратурасының, мемлекеттік кірістер жəне статистика органдарының өкілдерін енгізе отырып, облыстағы ƏМАТ-қа бағаларды бақылау, мониторинг жəне реттеу жөніндегі жұмыс тобын құру мəселесі пысықталды.

Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы жəне жер қатынастары басқармасына жергілікті көтерме саудамен айналысатын кəсіпкерлерге фьючерстік шарттар жасасу үшін картоп жəне көкөніс өсірумен айналысатын оңтүстікте орналасқан облыстардың фермерлері мен шаруа қожалықтары арасында тұрақты байланыс жасауды қамтамасыз ету жəне осы мəселені апта сайын бақылауда ұстау жайы да тапсырылды.

Сонымен қатар, Кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасына апта сайын кəсіпкерлер арасында ƏМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ізбасар ОЙБАС