Құрметті «Ұлытау» газетінің ұжымы! Қадірлі газет ардагерлері! 

Сексеннің сеңгіріне көтерілген торқалы тойларыңыз құтты болсын! 

Осы жылдар ішінде аудандық газет өңір өмірінің шынайы шежіресін жазып, ұлытаулықтардың бірнеше буынын отаншылдық рухта тәрбиелеу, халықты елдік істерге жұмылдыру, жетістіктерді насихаттап, кемістіктерді сынау арқылы ортақ істі орайлы ету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіп, оқырмандар ықыласына бөленіп келеді. 

Алдағы кезде де осы жемісті жол жалғаса беруін тілейміз. Әрбір отбасында жан жадыратар жақсылық көп болсын! 

Құрметпен Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің ұжымы.