Ұлытау облысының әкімі Жезді байыту фабрикасының өкілдерімен кездесті
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Neris-Нэрис» ЖШС Жезді байыту фабрикасының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіпорынның келешегі мен одан әрі даму мәселелері талқыланды.
«Neris-Нэрис» ЖШС Жезді кен орындарының кендерін байыту кезінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдердің (бұдан әрі-ТМТ) қалдық қоймасының иесі.
2021-2022 жылдар аралығында компания марганец концентратын өндіру үшін магниттік сепарация желісін орнату және жабдықты жаңғыртуға 900 млн.теңгеден астам инвестиция салды.
Биыл 600 млн.теңге сомасына қосымша инвестиция салынады деп күтілуде.
Кездесу соңында өңір басшысы бейінді басқармалардың басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді.