Қарағанды облысында жылыту маусымы басталды

25 қыркүйекте Қарағандыда жылыту маусымы басталды. Қала әкімінің мәліметінше, бүгінгі таңда көп қабатты тұрғын үйлердің 80%-ы жылуға қосылған. Үйішілік және орамішілік желілерде апаттар мен ақаулар ПИК және «Теплотранзит Қарағанды» компаниясының күшімен жойылады. Осы аптада 28-ші шағын аудандағы жылу желісін қайта құру жұмыстарын аяқтау жоспарланған және жылумен қамтамасыз ету бірден басталады.

Жылыту маусымын іске қосу онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте талқыланды.

– Облыста жылыту маусымы басталды. Жауапкершілік аймағы үлкен. ПИК-те ешқандай сылтаулар болмауы тиіс. Барлық мәселелерді пысықтап, жылуды іске қосу және жылу көздерінің жай-күйі ерекше бақылауда, – деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек. – Бұрыннан инфрақұрылымға қатысты кейбір проблемалар бар. Бұл ең алдымен Теміртаудағы ЖЭО-2 мәселесі. Өткен жылдардағы барлық қателіктерді ескеру қажет.

Биыл Шаханда орталық жылыту жүйесі іске қосылды.

Облыстың оңтүстік өңірлерінде ауа райы әлі жылы, жылыту маусымы кешірек басталады.

Жеңіс Қасымбек тұрмыстық өрттердің алдын алу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, мұқтаждардың үйлері мен пәтерлеріне улы газ датчиктерін орнатуды аяқтау қажет.