ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТАУАРЛАР БАҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ облыс орталығындағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жұмыс жиынын өткізді.


Жиында Жезқазған қаласының сауда орындарындағы қант пен ұн бағасы және туындаған қиындықтарды шешу жолдары пысықталды.
Инфляциялық процестерді тежеу және азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бірқатар жедел іс-шаралар қабылдануда:
✅ Жезқазған қаласы бойынша қанттың 1 килограмының орташа бағасы – 498 теңге;
✅ 10 маусымда тұрақтандыру қорынан Жезқазған қаласына 80 тонна қант жеткізілді;
✅ Бүгінгі таңда қаламыздағы сауда нүктелерінде азық түлік қоры апта сайын жаңартылуда және жеткізілуде.
✅ Бірінші сұрыпты нанның бағасын тұрақтандыру және өсірмеу мақсатында «Ақжайық» ЖШС-нен «Ұлытау Нан» ЖШС-ге 120 тг/кг бағамен ұн жеткізу жұмыстары ұйымдастыруда. Жыл басынан бері 544 тонна ұн жеткізілді.
✅ «Ұлытау Нан» ЖШС-мен бірінші сұрыпты нанның көтерме бағасын 85 теңгеден асырмау бойынша Меморандумға қол қойылды.
✅ Аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы облыстың басқа қала, аудандары басшыларына бағаны бақылауда ұстап, туындаған қиындықтарды жедел реттеу жөнінде тапсырмалар берді.

Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі