Құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды
2026 жылғы 2 наурыздан бастап, Ұлытау ауданының құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Есназаров Болатбек Камариденұлы тағайындалды.

Есназаров Болатбек Камариденұлы 1974 жылғы 3 желтоқсанда Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ұлытау музей-қорығында бастап, әр жылдары ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. Сонымен қатар, Ұлытау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында, экология саласында және құрылыс саласында түрлі қызметтер атқарған.
2012–2020 жылдары «Қос-Батыр» ЖШС-де құрылыс инженері болып жұмыс істеді. Кейін Ұлытау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқарды. 2021 жылдан бастап, осы күнге дейін Ұлытау ауданының Жер қатынастары, сәулет және құрылысы бөлімінің басшысы болды. Жалпы еңбек өтілі – 26 жылдан астам, мемлекеттік қызмет өтілі – 9 жылдан асады.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
