Қауіпсіздік – әр жүргізушінің міндеті

Соңғы жылдары Ұлытау ауданы ТЖ бөліміне автокөлік өрттері көп тіркелуде. Оның ішінде атап айтатын болсақ, далалық жер жолда алыс шалғайларда көп болады. Өрттің шығуына себеп, көліктің астында орналасқан түтін шығаратын құбырдың қызуынан, көлік астына жиналған құрғақ шөптің тұтанып, бензин түтіктеріне от шашуынан болады.

Көп жағдайда, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындайды: жанармай еру жүйесінен ағу, көлік ішінде темекі шегу, жанғыш жүктерді тасымалдауда салғырттық болу, жанармай төгіліп, от шығуы;
Далалық жерде автокөліктің өртке оралған кезде қандай іс-шаралар ұйымдастыру керек.
Көліктің қозғалтқышын сөндіріп, қолмен тежегішті (қол тежегішті) тартыңыз. Жолаушыларды көліктен түсіріп, құжаттарды жинап алыңыз. Өрт ошағын анықтап және оның қарқындылығын бағалаңыз. Жанармай багінің жанындағы өрт өте қауіпті. Жарылыс кез келген уақытта болуы мүмкін, сондықтан жолаушылармен бірге қауіпсіз арақашықтыққа кеткен жөн. Көліктің капотын ашқанда абай болыңыз, ашқан сәтте оттегі ағысы көбейіп, от жалыны күшейіп кетеді. Капоттың құлпын ашарда қолға мата орап алыңыз, бұл сіздің қолыңызды күйіктен сақтайды, басыңызды бұғыңыз.
Өрт сөндіргіштің көбігі (газ) ағысын от ошағына бағыттап, оны өрттің барлық аумағына шашыңыз. Тағы да бір өрт сөндіру тәсілі – ол өрт ошағын біртіндеп өшіріп, өрт алаңын басып алу. Ең тиімдісі бірнеше өрт сөндіргіш құралдарын қолдану және де қарапайым өрт сөндіру құралдарын біріктіру: құм, брезент, жамылма немесе күртелер (от үстіне жабады), қар, су және т.б.; өртті қарқындылық пен шешімді сөндіру қажет. Көлік ішіндегі синтетикалық материалдар белгілі температура деңгейіне дейін қызып жана бастайды, оны сөндіру өте қиын. Жанып жатқан көлік ішінде 1,5 минуттан артық отыруға болмайды.
Жанармайдың төгілу нәтижесінде өрт пайда болған жағдайда, бірінші жанармайды өшіріп, содан соң көлікті өшіру керек. Жеке бас қауіпсіздігін де ұмытпаңыз – қолыңыз жанармай жағылып, үстіңіздегі киіміңіз жанармай сіңуі мүмкін. Жанармай құю бекеттерінде көлікке жанармай құю алдында қозғалтқышты сөндіру керек.
Автокөлік құралдарының электр жабдығы жүйесінде оқшауланған сымдарды пайдалану кезінде қысқаша ұшқындау кезінде оқшауланған жанғыш құрылымдық материалдардың, механиканың ескіруіне байланысты, термиялық әрекеттің әсерінен, электр құрылғы элементтерінің және жобалау кезіндегі қорек жүйесінің қате құрылымынан немесе автокөлікті жөндеуде, автокөлік жүйесінің техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан жануы мүмкін.
Жеңіл автокөліктерде өртсөндіргіш сол жақта немесе жүргізуші алдыңғы жолаушы орындығының астында орналастырылады. Жүргізуші орындығын қозғаған кезде кедергі жасамауы керек. Жүк көліктерінің кабинасында сол жерде орналастырылады, болмаса басқа артқы бұрышқа және кабина қабырғасына орналастыруға болады.
ЕСКЕРТУ: жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, үрейге салынбай «101», «112» байланыс телефондарына қоңырау шалып хабар жеткізіңіздер.

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.