4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді

Бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғасын азайтуға бағытталған заң күшіне енді.
Оның өзгерген тұстары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушіге қатысты.

Автоматты тіркеу жүйесі арқылы «орташа жылдамдықты» асырғандар жауапкершілікке тартылады. «Орташа жылдамдық» жүрген жолдың ұзақтығын жүріп өткен уақытқа бөлу арқылы есептеледі.

«Рұқсат етілген «орташа жылдамдықтан» асып кетсе айыппұл 5-тен 40 АЕК көлемінде болады. Яғни жолдардың түрлі учаскелерінде «орташа жылдамдық» әртүрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі», — деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Трассалардағы жол апатындағы әрбір үшінші адамның өлімі жылдамдықты асыру салдарынан болған.