Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

2025 жылы бүкіл ел болып Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Бұл – біз үшін тек тарихи дата ғана емес, бабалар ерлігіне тағзым, бейбіт өмірдің бағасын ұғынатын ерекше мерейлі сәт.

1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең ауыр, ең қасіретті соғыстардың бірі болды. Сол жылдары миллиондаған адам майданға аттанып, от пен оқтың ортасында елі мен жерін қорғады. Қазақстаннан 1 миллионнан астам жауынгер соғысқа қатысып, олардың жүз мыңдағаны ерлікпен қаза тапты. Мәскеу түбінде, Сталинградта, Курск доғасындағы шайқастарда қазақ жауынгерлері ержүректік танытты.

Ұлы Жеңіс – батырларымыздың қанымен, аналарымыздың көз жасымен келген жеңіс. Бұл күн – бейбітшілік пен тәуелсіздіктің, еркіндіктің символы. Біз үшін бұл мереке – тек мақтаныш емес, сонымен бірге жауапкершілік те. Себебі болашақ ұрпақ соғыс қасіретін ұмытпауға тиіс.

Серік БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы.