Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Премьер-Министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Тұжырымдаманы іске асыру экология туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.