Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
Мемлекет басшысы халыққа арнаған сөздерінде жемқорлық індетінің тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтынын жиі айтып келеді.
Жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайтыны белгілі. Мұндай әрекеттер экономикамыздың бәсең дамуына, әлеуметтік жағдайымыздың төмендей түсуіне әкеліп соқтырады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
Біздің ел – ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері мемлекет басшысының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген. Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық-құқықтық құралдары қызу пікір таластарын туғызу үстінде.
Ұлытау аудандық қазынашылық басқармасы тарапынан жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс атқарылуда, Басқарма қызметкерлерімен бірге семинарлар, техникалық оқытулар өткізіледі, басшылар тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында тұрақты түрде нұсқаулық жүргізіледі. Сонымен қатар, басқарма ғимаратында азаматтардың өтініштеріне және арыздарына арналған жәшік орналастырылып, сенім телефоны қызмет жасауда.
Қазынашылық басқармасында жұмыс стеу үлкен жауапкершілікті, кәсіби даярлықты және білім деңгейін үнемі көтермелеуді талап етеді. Барлық мемлекеттік қызметшілер жыл сайын кірістер басқармасына тапсыратын декларацияларын белгіленген уақытта тапсырып отырады. Қазынашылық басқармасында мамандардың кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында тиісті нормативтік құқықтық актілерді, оларға келген өзгерістер мен қосымшаларды оқу жұмыстары алға қойылған. Осылайша біздің ұжым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табандылық көрсетіп, еліміздің нығайуы жолында, өзіне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқарылуына бар күшін салмақ.
Басқармада 2-14-64 сенім телефоны жұмыс істейді.
Мадияр ТОРГАЕВ,
Ұлытау аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.