Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді

Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы осылай деп хабарлады.



1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді. Биылғы оқу жылында 345 мың бала алғаш рет мектеп партасына отырады.

2 қыркүйек – жаңа оқу жылының бірінші күні  «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады.

Педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты

ҚР Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті
.

Демалыс және мереке күндері жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі бойынша кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді (ЕК).