88 жас – «Жасыл ел» жасағында
«Жасыл ел» жастар жасағы биыл Ұлытау ауданының 88 жас азаматын жұмыспен қамтыды. Жалпы, «Жасыл ел» жастар жасағының құрамына биыл Ұлытау облысының 600-ге жуық азаматы тартылып отыр.
Атап айтар болсақ, Жезқазған қаласының – 150, Сəтбаев қаласының – 150, Қаражал қаласының – 150, Жаңаарқа ауданының – 60, Ұлытау ауданының – 88 жас тұрғыны өз өңірінің тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосуда. Нəтижесінде, маусым-шілде айларында өңірдің 70 гектардан аса аумағы «Жасыл ел» сарбаздарының арқасында тазартылған. Еңбек жасақтарының үшінші кезеңі тамыздың бірінде басталмақ.
Жас шамасына келер болсақ, биыл 14-16 жас аралығындағы – 260, 16-18 жас аралығындағы – 253, 18 жəне одан жоғары жас аралығындағы – 85 азамат еңбекке жұмылдырылған.
Айта кетейік, жұмыскерлердің жалақы көлемі – 85 000 мен 95 000 теңгенің аралығын құрайды.
Ізбасар ОЙБАС.