Түсіндірме жұмыстары – тыңғылықты

Бейсенбі күні аудан əкімінің орынбасары Алмат САКИПОВТЫҢ төрағалығымен, «Аграрлық несие корпорациясы» Ұлытау облысы филиалының, «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамның Қарағанды облысы бойынша филиалының «Ұлытау» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өкілдерінің қатысуымен аудан əкімдігінде жиын өтті.

Маңызды жиынға Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы жəне жер қатынастары басқармасы агроөнеркəсіпті субсидиялау жəне инвестиция бөлімінің басшысы Мұқағали Рамазан, Ұлытау əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы АҚ басқарма төрағасы Алмат Жөкебаев, «Агронесиелік корпорация» АҚ Ұлытау облысы филиалының директоры Ілияс Бекмағанбетов, жəне мекеме, бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтер əкімдері, аудан аумағындағы шаруа қожалық иегерлері қатысты.
Жиында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жеңілдетілген несие алудың жолдары түсіндірілді. Несие, лизинг, бизнес — жоспары жайында кең сипатта түсініктеме беріліп, алғы шарттары туралы ақпарат ұсынылды. Тиісінше, кент, ауыл əкімдерінің, фермерлердің пікірін тыңдауға да ден қойылды. Осы мүмкіндікті пайдаланып Борсеңгір ауылының əкімі Бауыржан Əлімбек, Ақтас кентінің əкімі Дулат Сүлейменов аудандық кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Мұхамбетов жеке шаруа қожалығының иегерлері Тұраш Өмірбаев, Ғазиз Дəуітбаев несие шарттарына қатысты көпттің көкейінде жүрген маңызды ұсыныстарын жеткізді. Олардың тарапынан қойылған сан сауалдарға Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы жəне жер қатынастары басқармасы агроөнеркəсіпті субсидиялау жəне инвестиция бөлімінің басшысы Мұқағали Аппасұлы, «Агронесиелік корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы филиалының директоры Ілияс Қазыбекұлы тұщымды жауаптар қайтарды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шаруашылығын дамытуға байланысты мемлекеттік қолдаудың шаралары түсіндірілді.

Өз тілшімізден.