«2022 жылдың үздік әкімі» — Берік Әбдіғалиұлы

«Адырна» ұлттық порталы 2022 жыл бойынша өз саласында үздік деп танылған майталмандарды анықтады. «Жыл үздіктерін» анықтау әлеуметтік желі парақшаларындағы дауыс беру арқылы жүргізілді.

 Сонымен, портал ұжымы жүргізген сауалнама нәтижесінде «2022 жылдың үздік әкімі» Берік Әбдіғалиұлы болды.

Әкім өз қызметінде Ұлт Ұясы — Ұлытау өңірін дамытудың тиімді тұстары мен нақты қадамдарын белгілеумен ерекше көзге түсті. Өндіріс саласын қайта жандандырып, тұрғындар әлеуметін арттыруға күш салды.