2021 жылдың қаңтарында медициналық сақтандыру қоры қарағандылықтарды COVID-19-дан емдеуге 968 млн теңгеден астам қаражат бөлді
2021 жылдың алғашқы айында ТМККБК және МӘМС шеңберінде Қарағанды облысының тұрғындарын COVID-19-дан коронавирустық инфекцияны диагностикалауға және емдеуге медициналық сақтандыру қоры 968 млн теңгеден астам қаражат төледі. Оның ішінде: инфекциялық стационарларда науқастарды емдеуге 422,5 млн теңгеден астам, мобильді бригадаларға ақы төлеуге — 98,9 млн теңге, үйдегі стационарға — 4,6 млн теңге жұмсалды. Қор ПТР-диагностика үшін 442,5 млн теңге бөлді.
— ТМККБК немесе МӘМС қаражаты есебінен коронавирустық инфекцияға ПТР-тестілеуден тегін өтуге инфекциялық стационарларға жатқызылған пациенттер; ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар, сондай-ақ көп бейінді стационарларға жатқызылатын пациенттер қатыса алады. Бұл зерттеуге ақы төлеуді қор Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша жасайды, — деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Рақышева.
Сондай-ақ, 1,35 млрд теңгеден астам соманы биылғы жылдың қаңтар айында коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін медицина қызметкерлеріне қосымша төлемдер құрады. Үстемеақыға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Төлемдердің мөлшері Денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген, тәуекел тобына байланысты анықталады және 5-тен 20 ЕТЖ-ге дейін құрайды. Үстемеақы алушылардың тізімін жедел штабтар жанынан құрылған өңірлік комиссиялар қалыптастырады. Комиссиялардың төрағалары әкімдердің орынбасарлары болып табылады, олардың құрамына Өңірлік бас мемлекеттік санитариялық дәрігер, Денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері кіреді.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша