Маңызды мәселелер қаралды
Сейсенбі күні Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВТІҢ төрағалығымен өткен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына аудан əкімінің уақытша міндетін атқарушы Алмаз ҚАЙЫРБЕК, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Салтанат НҰҒМАНОВА жəне аудандық деңгейдегі бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Кенттер мен ауылдық округтер əкімдері ZOOM платформасы арқылы бейнебайланыста болды.
Халық қалаулылары бас қосқан жиында аудандық мəслихаттың кезектен тыс IV сессиясының күн тəртібіне 4 мəселе шығарылды. Бірінші мəселе бойынша сөз алған аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин «2022 жылға арналған ауданның жəне кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің орындалысы туралы есептерді бекіту туралы» мəселе бойынша хабарлама жасады. Осы мəселеге қатысты облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Салтанат Сайынқызы қосалқы негізде сараптамалық мазмұнда мəлімет берді.
Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында сондай-ақ, Ұлытау əкімдігінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құру туралы сонымен қатар, аудандық мəслихаттың 2016 жылғы 16 қазандағы V сессиясының «Ұлытау əкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы» №55 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мəселелер қаралды. Бұл мəселелерге депутаттар қолдау білдіріп, сессияның қарауына ұсыну жөнінде ұйғарымға келді.
Күн тəртібіндегі төртінші мəселе заман талабына сай ерекшеленді. Нақтылай түссек, аудан бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мəселе негізінде аудандық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімінің бас маманы Бауыржан Бимағанбетов баяндады. Осы мəселеге қатысты аудандық мəслихат депутаты Гүлдана Асанханова бірқатар сауалдар қойды. Депутат сауалына Бауыржан Татуұлы орнықты əрі дəйектелген негіздегі нақты жауаптарды қайтара алды. Тұрақты комиссия отырысынан кейін аудандық мəслихаттың IV cессиясы өтті. Сессияда күн тəртібіне шығарылған барлық мəселелер жан-жақты талқыланып, қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Əр мəселелер тиянақты қаралып, халық қалаулылары бірауыздан шешім қабылдады. Сессия жұмысы қорытындыланған соң аудан əкімінің міндетін атқарушы Алмаз Қайырбек өз пікірін қосып, ортақ мүдделі шешімдер қабылдауға ынталылық танытқан депутаттарға ризашылығын білдіріп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.