Өзекті мәселелер талқыланды

ҚР Премьер Министрі Ә.А.Смайыловтың төрағалығымен жұмыс сапарының қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалардың орындалысы бойынша кеңес өтті. Оған Денсаулық сақтау министрі, Оқу-ағарту министрі, Энергетика министрі, Индустрия және инфрақұрылым министрі, Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімі қатысты.
 Кеңес барысында «Жезқазған–Қызылорда» автомобиль жолының құрылысы талқыланды. Әкімдіктің ақпараты бойынша жолдың жекелеген учаскелері Ұлытау ауданының 21 шаруа қожалығының меншігінде болады. ШҚ-на тиесілі 21 жер учаскесінің 20 учаскесі «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ балансына берілді, 1 жер учаскесі бойынша Агроқаржы Банкінде кепілден алу пысықталуда.
 Сонымен қатар, «Жезқазған-Қарағанды» автомобиль жолын реконструкциялауды бастау үшін жер учаскелерін беру рәсімі аяқталғаны, одан бөлек, 2024 жылдың қаңтарынан бастап, аптасына екі рет Жезқазған-Шымкент бағытында әуе жолы іске қосылады деп жоспарлануда. Ол үшін 471 миллион бөлу көзделгені айтылды.
 Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылға арналған кешенді даму жоспарының барлық тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғанын, ал 2023 жылға 94 іс-шара көзделгенін жеткізді. Оның ішінде 2024-2026 жылдарға ауысатын 47 іс-шара, 2023 жылы іске асыру мерзімімен 47 іс-шара, оның ішінде 2 іс-шара орындалды. Олар: Жезқазған қаласында гипермаркет салу, құны — 950 млн теңге, 50 жаңа жұмыс орнын құру мен «Шалғын су қоймасының бөгеттерін күрделі жөндеу» құны — 329 млн теңге.
 Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Үкімет басшысына Құмкөл мұнай-газ кен орнына қатысты мәселені көтерді. Өңір басшысының айтуынша аталған кен орыны жаңа экологиялық кодекстерге сай келуі керек және одан келетін зиян үшін біздің өңірге экологиялық төлем берілуі қажеттігін
айтты.
 Сонымен қатар, өңір басшысы облыс орталығын дамыту, жаңа шағын аудан тұрғызу үшін тағы бір жылу электро орталығын салу қажеттілігі мәселесін көтерді.