1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады
Ата-аналар баланың құжаттарын еgov.kz сайты арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір — 31 тамыз аралығында тапсыра алады.
Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, ата-ананың өтініші негізінде балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады.
Қандай құжаттар қажет?⤵️
✔️Өтініш;
✔️Туу туралы куәлік көшірмесі;
✔️ №065-у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
✔️№052-2/у денсаулық паспорты;
✔️2 дана 3*4 фотосурет.