ЖОО-ның ақылы бөліміне түскісі келетіндерге енді пайызсыз несие берілуі мүмкін
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн-брифинг барысында айтты.
«Жыл соңына қарай «Келешек» жинақтаушы білім беру жүйесі іске қосылады. Бұл ерікті жүйе және отбасы өз еркімен баласының оқу ақысын алдын ала жинау туралы шешім қабылдайды. Оқуға түсер кезде жинақталған сомамен қатар «Ұлттық қор – балаларға» жинағы да кепілдік бола алады. Мұның бәрі бір шотқа жинақталады, ал егер бала грант ұтып алған болса, онда бұл ақшаны ол баспана сатып алуға жұмсай алады» – деді министр.