Жолдау – маңызды құжат
Мемлекетіміздің жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін биылғы Жолдау ел экономикасын арттырып, алға қарай нақты қадамдар жасауға бастайтын маңызды құжат екендігі айқын.
Бұл Жолдау негізінен әлеуметтік сонымен қатар экономикалық мәселелерді шешуді алға қойғандығы мәлім. Мемлекетіміздің маңызды құжаттарының бірінде халықтың көкейінде жүрген мәселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кететініне тоқталды. Ол Үкіметке шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіруді тапсырды. Ол шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын бағдарламаға айналуы тиіс.
Кәсіпкерлікті қолдау туралы сөзін жалғастыра келіп, президент экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажеттігін айтты. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет. Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керектігі туралы сөз қозғады. Ел президентінің бұл Жолдауында қоғам үшін маңызды үлкен мәселелер қозғалды. Қазіргі таңдағы әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – су тапшылығы да қозғалып өтті. Сол себепті де бұл жолдаудың қойған міндеттері өте зор.Осы орайда Әділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды екендігін ескергендігіміз жөн деп есептеймін.
Жанна АСАНХАНОВА,
Егінді а.о. жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.