Жолдау – елдіктің темірқазығы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің кезектегі Жолдауын жолдады. Жолдауда әлеуметтік, экономикалық мәселелерге тоқталып, бірқатар бастамалар көтерді. Және де бүгінгі күнде елімізде орын алып жатқан қауіпті індетті жеңу үшін барынша күш-жігер салу керектігін айтып өтті.
Келер жылда мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады, алдағы жылдарда да бұл үдеріс жалғасын таппақ. Бұл үшін мемлекет тарапынан алдағы 3 жылда 1,2 триллион қаржы бөлінеді. Мұғалімдердің айлығын көтеру мәселесі өте орынды. Елімізде карантинге байланысты қашықтықтан оқыту жалғасып жатыр. Бұл үшін мұғалімдер арнайы дайындалып, барынша ізденімпаздығын, біліктілігін көрсетулері қажет. Сабақтар қашықтықтан болса да оқытушылар оқушыларына біліммен қатар тәрбие де бере алады. Мұғалімдердің ерен еңбегі бағасыз екендігін атап өтті.
Гульдана АСАНХАНОВА,
Ұлытау ауданының мәслихат депутаты.