Жолдау білім саласына жаңа серпін берді

Президент өз Жолдауында сан саланы қамтып, қоғам үшін өзекті мәселелерді нақты әрі түсінікті тілмен жеткізді. Әсіресе, білім беру саласына ерекше назар аударып, оқушыларға сапалы әрі қолжетімді білім берудің маңыздылығын атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуымен байланысты, қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілгенімен, еліміздің бұл форматқа толықтай дайын еместігі сөз болды. Президент бұл мәселені шешу үшін алдағы кезеңде арнайы бағдарлама әзірленетіндігін мәлімдеді.

Оқушылардың қашықтықтан білім алуы – бір жағынан, санитарлық талаптарды сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, ұрпақ денсаулығының жақсаруына да ықпал ететіні айтылды. Білім беру жүйесіндегі бұл өзгерістер болашақта оқушылардың білімі мен денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды қадам болмақ. Жолдауда көтерілген барлық мәселелер еліміздің тұрақты дамуы мен келешегінің кемелденуіне ықпал ететіндігі сөзсіз.

Әмірәлі КЕНЖЕБАЕВ,
кәсіпкер.