Жезқазғанда жаңа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылды

Бүгін Жезқазған қаласында Абай көшесі 9А мекен-жайы бойынша жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Жаңа цифрлық кеңседе дәстүрлі мемлекеттік қызметтермен қоса, азаматтарға қолайлы аймақтар бар.
Халыққа қызмет көрсету орталығында 10 минут ішінде қызмет алуға болатын жылдамдық аймағы, әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі және келушілер қажетті қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны оператордың көмегінсіз дербес ала алатын байланыс аймағы бар. Egov мобильді қосымшасы арқылы қызметтерді алу үшін байланыс аймағында смартфондар мен планшеттер орнатылған. Сондай-ақ, бұл аймақтарда мамандар азаматтарды цифрлық сауаттылыққа үйретеді.
 Айта кетейік, жаңа ғимараттың ауданы 645 шаршы метрді құрайды. Халыққа қызмет көрсетудің жаңа орталығында азаматтарды қабылдауға арналған 10 терезе бар. Бұл халыққа жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Жаңа цифрлық кеңсеге күніне 300-ге жуық қызмет алушы келеді деп күтілуде.
 Сонымен қатар, мамандандырылған ХҚО бұрынғы мекен-жай бойынша азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жалғастыруда.