Жезқазғанда Қазақстандағы алғашқы Геологиялық кластер іске қосылды

«Қазақмыс» құрған бұл орталықта геологиялық барлауға қажет оқу, зертхана, цифрлық сервис және 200 мың метр керн сақталатын ең ірі керноқойма бір жерде шоғырланды.

Әлемдік деңгейдегі жабдық кернді талдауды төрт есе жылдамдатады — бір ауысымда 240 метрге дейін. Жобаға 11 млрд теңге инвестиция салынып, 200-ден аса жұмыс орны ашылды.

Кластерде Colorado School of Mines-пен бірлескен геофизикалық зертхана және кейін Ұлытау университетіне қосылатын оқу-әдістемелік блок жұмыс істейді. Жаңа кластер отандық геология мен маман даярлауды дамытуға серпін береді.