Жезқазғанда аудандастырылған көшеттерді өсіретін тәлімбақ жұмыс істейді
2019 жылы Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының базасында «ЭкоОбраз» ҚБ жобасының арқасында жасыл технологиялардың ресурстық орталығы құрылды. Оған аудандастырылған көшеттерді өсіруге арналған ерекше тәлімбақ кіреді. Екі жыл ішінде мұнда 3 мыңнан астам көшет өсірілді, олардың жартысы отырғызуға дайын.
— Біздің тәлімбақтың ерекшелігі — онда ағаш өсіруде балалар белсенді рөл атқарады. Тұқым жинау мен оларды отырғызудан бастап, қазірдің өзінде өсірілген көшеттерді күтуге дейін. Балалар және жасөспірімдер сарайының тәрбиеленушілері барлығын өз қолдарымен жасап, күш-жігерлерін жұмсайды, — дейді Ресурстық орталықтың жетекшісі Андрей Николаевич Матвеев.
Тәлімбақтың түр құрамы да ерекше. Негізінен мұнда ағаштардың үш түрі өсіріледі: «әдемі сәнағаш (катальпа)», «киіз павловния» және қарапайым өрік. Бұл түрлер кездейсоқ таңдалған жоқ. Барлық ағаштардың жоғары сәндік қасиеттері ғана емес, сонымен қатар Жезқазғанға тән құрғақ жағдайда да тамыр алатыны ескерілген. Биылғы жылы отырғызылған 500 көшеттің 90%-дан астамы тамыр алып, жерсінген. Олар аязға жақсы төзеді, ал қуатты тамыр жүйесі топырақты қалпына келтіруге көмектеседі, топырақты жақсы бекітеді.
Павловния – әлемдегі ең тез өсетін ағаш. Бір жылда ол 3-5 метрге жетуі мүмкін. Үлкен жапырақтардың арқасында ол шаң мен көмірқышқыл газын жақсы ұстап, қарапайым ағашқа қарағанда 10 есе көп оттегі шығарады. Кәдімгі өрік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сондықтан тәлімбақ — бұл ағаш түрінің санын қалпына келтіруге үлкен үлес қосқан.
— Тағы бір ерекшелік — біз қолданатын технологиялар мен өсіру жағдайлары. Көктемде барлық көшеттер жылыжайда отырғызылады. Тамшылатып суару, гидрогель, вермикомпост — мұның бәрі суаруға қажет судың мөлшерін едәуір азайтып қана қоймай, өсімдіктердің өсуі мен дамуын едәуір жылдамдатады. Егер қалыпты жағдайда каталпа көшеттерін өсіру үшін 2-3 жыл қажет болса, бізде — 9 айдан 1,5 жылға дейін, ал павловния жарты жылдан кейін отырғызуға дайын, — дейді жасыл технологиялар орталығының қызметкерлері.
Тәлімбақтың ауданы 100 шаршы метрден сәл асады. Қазір айтарлықтай кеңейту жүріп жатыр. «Birgemiz: Taza alem» жобасының шағын грантының арқасында балалар мен жасөспірімдер сарайында тағы 220 шаршы метр ашық топырақ тамшылатып суарылатын болады, сондай-ақ Жезқазғанның №26 гимназиясының базасында қосымша алаң пайда болады.
Мектеп оқушылары Теректі Әулие шатқалында, Жошы хан мен Домбауыл кесенелерінде өсірілген көшеттермен танысты.
— Біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Тәлімбақтың түрлік құрамын да, ауданын да кеңейтеміз. Біз емен, қайың, арша отырғызуға дайындалып жатырмыз. Көгалдандыру мәселесі тек біздің қала үшін ғана өзекті емес екенін ескере отырып, тәжірибеміз басқа өңірлерді де көгалдандыруға және жайлы болуға көмектеседі деп үміттенеміз, — деп Андрей Матвеев жоспарларымен бөлісі.
«Жезқазған өңірінің шөлді аймағы жағдайында климаттың өзгеруіне бейімделуге көмектесетін агротехнологияларды ілгерілету» жобасы Жаһандық Экологиялық Қордың шағын гранттар бағдарламасының қаржылық қолдауымен орындалады, ол БҰҰДБ арқылы Қазақстанда іске асырылады.