Жезқазған жылу желілерін жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Бұл қаражат жобаны толық аяқтауға және 98 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жылу желілерін алдағы жылыту маусымына сапалы дайындауға мүмкіндік береді.
Премьер-Министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.