Жезқазған жұрты жаурамауы тиіс

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурс қорытындысы бойынша «А Company» ЖШС-мен «Жезқазған қаласының жылу желілерін жөндеу (1 бөлім)», «Жезқазған қаласының жылу желілерін ағымдағы жөндеу (2 бөлім)»  нысандары бойынша келісім-шарт жасалды.

Сметалық құжаттамада 18,5 шақырым жылу желілерін жөндеу қарастырылған.

Суретте: Байқоңыров көшесі, 5-тен Холмецкий көшесі, 98-ге дейінгі жылу желілерінің учаскесі көрсетілген. Мұнда 940 м құбыр ауыстырылады.

Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 1 тамызы.