Жер мәселесі – басты назарда
Аудан прокуратурасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жер пайдаланушыларға беру жəне оларды мақсатына сай пайдалану кезінде жер заңнамасының қолданылу заңдылығына тұрақты түрде талдау жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» 20.02.2017 жылғы Заңына сəйкес, екі жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болған жəне (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тəртіппен алып қоюға жатады.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 92-бабының 3-тармағына сəйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тəртiппен мəжбүрлеп алып қоюға жатады.
Осы Кодекстің 92-бабы 4-тармағында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы жəне (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы жататыны көрсетілген.
Алайда, аудандық шаруа қожалықтары жер учаскесін заңнама талаптарын бұзып немесе ауыл шаруашылығы мақсатына сай пайдаланбау деректері орын алуда (жер учаскелерін тиісті тəртіппен өз аттарына əділет органдарында тіркемеу, мақсатына сай жерді игермеу, аудандық жергілікті атқарушы органмен жалға алу шарттарын жасамай жəне т.б.).
Орын алған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасымен 2022 жылы заң бұзушылықтарды тез арада жою мақсатында төрт ұсыныс енгізіліп, он екі жер учаскесі 17 405 га құрайтын қадастрлық кұны 11 миллион 205 мың 271 теңгені құрайтын жерлер мемлекетке қайтарылды.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.