Жемқорлық — жаһандық мәселе
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық – ешбір ел сақтана алмайтын нағыз жаһандық проблемаға айналды. Сыбайлас жемқорлық мәселесі адамдарға, қоғамдастықтарға және бүкіл елдерге жағымсыз әсер етеді; демократиялық процестерге нұқсан келтіреді, әділетсіздікті күшейтеді және кедейлікті арттырады; негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін төмендетеді, бизнес жүргізу құнын арттырады және дамуға бағытталған инвестицияларды азайтады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тұрақты дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үш өлшеміне теріс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмы старына негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге, не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актілерін орындаумауда осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
ЖЕКЕ және ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР НАЗАРЫНА!
«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін бұзу мәселесі орын алған жағдайда «Қауырт желі» сенім телефоны: 8 (71035) 2-14-44 хабарласуларыңызға болады.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.