Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты қоғамда әділдік, адалдық және ашықтық құндылықтарын қалыптастыру болды. Осы шара барысында негізгі спикер-әлеуметтанушы, «Рух жаңғырығы» қоғамдық қорының жетекшісі Хамит Айдар жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, құқықтық талаптар мен осы кеселдің әлеуметтік салдары жөнінде маңызды ақпарат пен ұсыныстарымен бөлісті.

Одан кейінгі кездесу Жезді және Қарсақбай кенттерінде жалғасты. Маңызды кездесуде спикер-әлеуметтанушы, «Рух жаңғырығы» қоғамдық қорының жетекшісі Хамит Айдар кент жұртшылығына парасаттылық қағидаттарын түсіндіріп, жемқорлыққа қарсы тиімді тәсілдермен бөлісті.
Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметкерлерге арнайы жаднамалар таратылды. Содан кейін сыйлық алуға жол бермеу туралы ақпараттық плакаттар орналастырылды. Бұл жобаның мақсаты әділдік, адалдық және ашықтық құндылықтарын қоғамда қалыптастыруға және нығайтуға негізделді.
Осындай ақпараттық кездесулерге Ұлытау ауданы мен ауылдық округі әкімдіктері мен мәслихат аппараты, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, Ұлытау ауданы полиция бөлімі, аудандық мәдениет үйі және Амангелді, Қаракеңгір ауылдық округінің, қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі әдеп пен адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған арнайы жаднамалар таратылды. Сонымен қатар, қызмет бабында сыйлық қабылдауға жол
берілмейтіні жөнінде ескерту жасайтын ақпараттық плакаттар мекеме ғимараттарына орналастырылды. Бұл қадамдар мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылықты арттыруға және
сыбайлас жемқорлықтың алдын
алуға бағытталған нақты іс-шаралардың бірі болды.
Аталған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз етуге бағытталды. Осындай бастамалар арқылы Ұлытау халқы “Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам” қағидатын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда.

Өз тілшімізден.