Жемқорлық – ғасыр індеті  

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін едəуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен əділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері əсер ететіні хақ.

Жемқорлықпен күресу бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мəселеге айналып отыр. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсемізді көтеріп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.

Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни, мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар əлі де баршылық. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдадық. Бұл заң арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері анықталды. Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уəкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін əрекеттерден əркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Жемқорлыққа қоғамда орын жоқ екенін түсіндіргеніміз абзал.

Ақмаржан ҚАЛЕКЕНОВА,

Ұлытау аудандық сотының бас маманы.