Жедел-іздестіру жұмысының нәтижесі
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен (бұдан әрі — Департамент) Ұлытау облысы прокуратурасы үйлестіруі кезінде және мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесіп, көлеңкелі экономика саласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыс халқына сәйкестендіру құралдарынсыз сақтау, тасымалдау және өткізуде көрсетілген заңсыз кәсіпкерлікке күдікті «Р» Сәтбаев қаласының тұрғыны анықталды «Prestige», «Oris», «Craven A», «Manchester», «Zumerret», «Milano», «Mondeo», «Platinum», «Winston», «Oskar», «Mac»маркалы темекі өнімдері түріндегі акцизделетін тауарлардың мөлшері.
Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ тінту нәтижелері бойынша көлеңкелі айналымнан жалпы сомасы 89 миллион теңгеден асатын көрсетілген маркалы 140 мың қорап темекі өнімі табылды және алынды.
Қазіргі уақытта Департаментпен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 214 –бабымен сотқа дейінгі тергеп-тескеру жүргізуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.